Сот жүйесін реформалау қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сот жүйесін реформалау қажет

14.03.2014
Сот жүйесін реформалау қажет
Еліміздің қылмыстық-атқару заңнамасын реформалау қажет. Астанада «Орталық Азияда жаңа қылмыстық-атқарушылық заңнаманы қалыптастыру: беталысы және қиыншылықтар» атты жиында бас қосқан халықаралық сарапшылар түрме мәселесін талқылады. 
 
Түрмені реформалау мен сотталушылардың құқығына қатысты пікірлер айтылды. Қазір Мәжілісте еліміздің Қылмыстық Кодексінің жаңа редакцияланған жобасы қаралып жатыр. 
 
Онда әсіресе, сотталушының құқын сақтауға айрықша назар аударылған. Қазақстан 1996 жылы сотталушылардың саны жөнінен АҚШ пен Ресейден кейін 3-ші орында тұрған. 20 жылдың ішінде 35-ші орынға түсті. Бұл көрсеткішке жету үшін 10-ға жуық заң, 7 амнистия қабылданған.
 
Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Түрмені реформалау деген тек түрмеде отырған адамдардың жағдайын жасап қою емес, оның санасының өзгеруіне ықпал ету. Түрмеден шыққаннан кейін ол қағажуға қалған адамдай болмай, лайықты өмір сүруі керек, құқығын білуі керек.
 
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу