Елімізде жылына 1 млн тонна битум өндіруге мүмкіндік бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жылына 1 млн тонна битум өндіруге мүмкіндік бар

24.08.2022

Энергетика министрі Серік Ақшолақовтың айтуынша, битум тапшылығының себебі, сұраныс - күрт артқан. Елдегі сұранысты өтеуге зауыттардың қауқары жетеді. Жылына 1 млн тоннадан астам битум өндіруге мүмкіндік бар. Мәселе өнідірісте емес, тапсырысты тақалғанда беретіндер көп.

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі

Қыста зауыттарға тапсырыс түспейді. Сондықтан олар мекемені уақытша жабуға мәжбүр. Жұмыс көктем жаз айында қызады, сәйкесінше сұраныс күрт артып кетеді. Сол үшін жол құрылысына қаржы ертерек бөлініп, бірден шикізатқа тапсырыс беруі қажет. Сонда зауыттар қаңтар, желтоқсан айларында да жұмыс істей береді. Біз қазір осы мәселені жүйелеуді қарастырып жатырмыз.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу