БАҚ қызметкерлері «Болашақ» бағдарламасы арқылы тағылымдамадан өте алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАҚ қызметкерлері «Болашақ» бағдарламасы арқылы тағылымдамадан өте алады

24.08.2022
БАҚ қызметкерлері «Болашақ» бағдарламасы арқылы тағылымдамадан өте алады

Журналист, режиссер, оператор, графистер әлемнің жетекші шетелдік ұйымдары мен ЖОО-ларында «Операторлық өнер», «Режиссура», «Журналистика», «Визуалды эффектілер. 3d анимация» және т.б. мамандықтар бойынша біліктілігін арттырады. Үміткерлердің жалпы жұмыс өтілі үш жылдан кем болмауы керек. Тағылымдамаға құжат тапсыру 2022 жылғы 5 қыркүйекте басталып, 14 қазанға дейін жалғасады.

Тағылымдама бойынша үміткерлер кепілге мүлік қоймайды. 2022 жылғы 26 тамызда 16:00-де Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығының ресми Инстаграм парақшаларында бірлескен тікелей эфир өтеді (https://www.instagram.com/aqparatqogam/; https://www.instagram.com/bolashaq.cip/ сілтемелері бойынша).


Хабарламаларға жазылу