«Болашақ» бағдарламасына 30 жыл: Қазақстандық студенттер Джордж Вашингтон университетінің ауласына шие ағашын екті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашақ» бағдарламасына 30 жыл: Қазақстандық студенттер Джордж Вашингтон университетінің ауласына шие ағашын екті

15.06.2023

«Болашаққа» биыл 30 жыл. Мерейтойға орай АҚШ астанасында білім алып жатқан студенттер Джордж Вашингтон университетінің ауласына шие ағашын екті. Осылайша әлемнің үздік университеттерде білімін жетілдіруге мүмкіндік берген елімізге алғысын білдірді.

«Болашақ» терегі университеттің ғылым және техника корпусының алдына егілді. «Осы шие ағашы іспетті еліміз де гүлдене берсін» дейді АҚШ астанасында білім алып жатқан студенттер. Себебі әлемде Қазақстан секілді таным көк жиегін кеңейтемін деген жастарының қолын қақпай шетелдің озық оқу орындарына жіберетін ел кемде кем. 

Мақпал Мұқанова, Джордж Вашингтон университетінде тағылымдамадан өтуші: 

Көптеген елдерден таныс тауып жатырмыз. Олар бізден бағдарлама туралы сұраған кезде өте қатты қызығады. Себебі біздің бағдарламада толыққанды бізге мүмкіндік береді ғой. Осы жерге келіп, барлық білімді, ресурсты ала аламыз. 

Ерасыл Тілеудин, Джордж Вашингтон университетінде тағылымдамадан өтуші: 

Осындай болашақ бағдарламасы сияқты әр мемлекетте жоқ. Мысалы, Америка Құрама Штаттарындағы өздері ақша бөліп, кредит алып, сол кредитін төлеп жүреді екен. Біздің мемлекетте осы «Болашақ» бағдарламасы ақша аямай, студенттерді жан-жаққа жіберіп оқытып жатыр.

Болашақ терегі бірден шет елдік студенттердің назарына ілікті. Суретке түсіп, арнайы QR арқылы білім бағдарламасы туралы оқып біліп жатты. Ғалымдар Қазақстанның адам капиталына салып жатқан инвестициясы —  елдің ұзақ мерзімді тұрақты дамуының кепілі болмақ дейді.

Фанта Ау , халықаралық педагогтар қауымдастығының бас директоры:

«Болашақ» бағдарламасын 30 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Біз ең алғаш болып байланыс орнатқанымызды мақтан тұтамыз. Бұл шынымен жастарды қанаттандыратын, білім нәрімен сусындататын, кәсіби өсуіне жақсы жағдай жасаған елдің қамқорлығы.

«Болашақтың» 30 жылдығына орай Қазақстан елшісі АҚШтағы ЖОО өкілдерімен кездесті. Тараптар екі елдің білім саласындағы ынтымақтастығын тереңдету жайын талқылады. Жалпы бағдарлама іске қосылғалы 12 мыңға жуық қазақстандық әлемнің үздік оқу орындарында білім алса, оның елеулі бөлігі Америка университеттерінің түлектері. Қазірдің өзінде АҚШ-та жарты мыңнан степендиат білім алып жатыр.

ЖС АҚШ Вашингтон


Хабарламаларға жазылу