25 тамызда «Әскери баспана» бағдарламасына өтініш қабылдау басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

25 тамызда «Әскери баспана» бағдарламасына өтініш қабылдау басталады

23.08.2022

25 тамызда «Әскери баспана» бағдарламасы арқылы үй алуға өтініш қабылдау басталады. Отбасы банкінің мәліметіне қарағанда, ипотекалық бағдарламаның екі түрлі шарты бар. Алдымен бастапқы жарнасына жалпы соманың 15 пайызын беріп, жылына 8 пайыз мөлшерлемемен 25 жылға дейін ипотекалық несие рәсімдеуге болады.

Екіншіден, баспана құнының тең жартысын төлеп, жылдық 6 пайызбен 25 жылға кредит алуға мүмкіндік берілген. Жеңілдетілген несиені ай сайын тұрғын үй төлемін алатын әскери қызметшілер алады. Бағдарлама арқылы жаңа үйлерді де, нарықта бұрыннан бар баспананы да сатып алуға болады. Азаматтардың өтінішін қабылдау қыркүйектің соңына дейін жалғасады. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу