Нарықта ет қымбаттауы мүмкін. Осылай деген Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ет бағасының болжамына қатысты бірнеше факторды ескеру керегін айтты. Алдымен мал басына байланысты. Ет өндірісі артып келеді. Ірі қара, ұсақ малдың өңделген етінің экспорт 35%-ке өсті. Ал еттің қымбаттауына мал азығы мен жол шығынының артуы әсер етуі мүмкін.
Былтырмен салыстырғанда азық-түлік бағасы 16 пайызға өскенін айта кетейік. Ұлттық статистика бюросының дерегіне қарағанда қаңтарда сиыр етінің орташа бағасы 2236 теңге болса, қазір өнім 2333 теңгеге дейін қымбаттаған. Қой еті 2400 теңгеден 2600 теңгеге дейін өсті. Жылқы етінің ел бойынша орташа бағасы 2800 теңгеден асады. Елордада 3323 теңгеге сатылған.
Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Мал шаруашылығында да өзінің шығындары болады. Сатып алатын жанар-жағармайдан бастап, негізгі керекті заттардың бәрі өсіп жатыр. Сол себептен біршама өсу болуы мүмкін.
Ақерке Бектас