Мұнай бағасы өсе бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай бағасы өсе бастады

27.08.2015
Мұнай бағасы өсе бастады

Бұны саудадағы баға мәліметтері де растап отыр.

«Риа новости» агенттігінің хабарлауынша, бейсенбі күні таңа ата солтүстік теңізнің Brent маркалі мұнайына деген баға 1,18 пайызға артып, барреліне 44,12 долларды құрады.  WTI жеңіл мұнайына қатысты фьючерстер 2,06 пайызға қымбаттап, барреліне 39,39 долларды құрады.    

21- тамыз күні аяқталған апта қорытындысы бойынша, АҚШ-тағы мұнайдың комммерциялық қоры 5,5 миллион баррельге немее 1,2 пайызға 450,8 млн баррельге дейін күрт төмендеген. Сарапшылар мұнай қорлары көлемінің 1,022 млн баррельге артып, 457,222 млн баррельге жетеді деп күткен болатын.

АҚШ-та мұнай өндіру көлемі апта ішінде 0,12 пайызға немесе тәулігіне 11 мың баррельге азайып, 9,337 баррельге  жетті. «Мұнай қорлары көлемінің азаюы АҚШ-тың мұнай импортына деген сұранысының азаюына байланысты болса керек. Осыған қарай бұл апат барлығы үшін ерекше бір түсініксіз уақыт аралығы болып отыр», деп келтіреді Рейтер агенттігі Сингапурдағы Инвестициялық сарапшы Дэниел Ангтың пікірін.

 

 

  

  

   

 

Хабарламаларға жазылу