Дінаралық диалогты ұйымдастыру маңызды – сарапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дінаралық диалогты ұйымдастыру маңызды – сарапшы

22.08.2022

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі – рухани үнқатысу алаңы. Алматыдағы «Нұр-Мүбарак» университетінің ректоры осындай пікірде. Оның сөзінше, елордада өтетін ауқымды жиын халықаралық қайшылықты қарым-қатынастың жақсы ахуалға бет бұруына оң әсер етеді. Мухаммад аш-Шаххат съезд өзінің дінаралық диалогтағы орнын қалыптастыра білгеніне сенімді.

Мухаммад Аш-Шаххат Әл-Жинди, «Нұр-Мүбарак» университетінің ректоры:

Бүгінде әлемде ислам дініне қатысты теріс пиғыл мен түрлі көзқарас қалыптсақан. Алайда қоғам өзге бағыттағы дін ұстаушыларды ажырата білуі қажет. Осы мәселелердің дұрыс реттелуін діни институттар қадағалауы қажет. Ал әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 7-съезіне Рим папасының келуі – үлкен мәртебе. Жиында біраз түйткілді сұраққа жауап табылады деген ойдамын.


Хабарламаларға жазылу