«ҚазМұнайГаздың» атын жамылған алаяқтар көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ҚазМұнайГаздың» атын жамылған алаяқтар көбейді

19.08.2022

Жұртты оңай жолмен ақша табуға шықырып, кейіннен тақырға отырғызатын алаяқтар көбейіп барады. Олар ұлттық компаниядардың, мемлекеттің ұйымдардың атын жамылып, азаматтарымызды жоғарғы өсімді инвестициялар жасауға шақырады. Нәтижесі белгілі. Ұлттық компания өкілдері әлеуметтік желідегі мұндай оңай табыстың жарнамалары шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Бүгінде ірі компаниялар мен танымал адамдардың атынан хабарласып, елді алдайтын алаяқтар көп. Ресми сайттар мен парақшалардың көшірмесін жасап, сол арқылы уәдені үйіп-төгетін қуларға қолындағы барын беріп қойғандар елімізде жетерлік. Сондай алаяқтармен ымырасыз күрес жүргізіп жүрген Дәлет Мұқаев та оқырмандарынан шағым көп алатынын айтады.

Дәулет Мұқаев, блогер:

ҚазМұнайГаздың акциясын алып, байисың деген. Нақтылап қандай жарнамаға алдандыңыз десем, екі жүз доллар саласың, Оны сәлден кейін мың доллар қылып аласың деп. Ол кісі алған да үш жарым миллион теңгесін. Бірден үш жарым миллион салмаған. Уақыт өте келе салған ғой. Жиыны үш жарым миллионға алданып қалған. Одан кейін үйін сатып жіберген де хаттар келген. Көп, өте көп.

ҚазМұнайГаздың атын жамылғандар цифрлық сауаттылығы төмен азаматтарды ұтымды пайдаланып келеді. Желідегі жарнамаға алданған адамдардан келетін арыз-шағым аз емес.

Дәурен Омаров, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің жетекшісі:

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарынан ешқандай инвестициялық жобаларға ақша жинап жатқан жоқ. Интернетте тарап жатқан жарнама жалған ақпарат. Осы орайда біз еліміздің тұрғындарын мұқият болуға шақырамыз. «ҚазМұнайГазға» қатысты бүкіл ақпарат тек қана біздің ресми сайтымыз бен әлеуметтік желідегі парақшаларымызда жарияланады. Әдетте бұл алаяқтар шет елдерде отырып әрекет етеді. Сондықтан оларды табу немесе жазалау өте қиын. Сондықтан жеке ақпараттарды еш жерде жарияламауға, тек ресми мәліметке сенуге шақырамыз.

Серік Селеубайұлы, Жанболат Қобдабай

Хабарламаларға жазылу