Павлодарда алабай ит адамдарға шапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда алабай ит адамдарға шапты

22.08.2022

Оқиға кеше таңертең Павлодар қаласының қақ ортасында болған. Тайыншадай төбеттің шабуылынан екі адам зардап шекті. Көзіне түскен көшедегі адамдарды жәукемдеп тастағысы келіп, жұлынған төбетті тапанша атып тоқтатуға тура келген.

Айгүл Шәріпова, қала тұрғыны:

Аялдамаға жете бергенде полиция көлігі кесе көлдененінен тұра қалды. Сол кезде шабаланып тұрған итті көрдім. Маған қарай атылмақ ниетте болды. Сол кезде полиция қызметкері мені көлігіне отырғызуға әрекеттенді. Ал төбет айбат шегіп оны жұлмалауға кірісті. Полиция қызметкері қару қолданды.

Қабаған итке таланған полиция қызметкеріне дәрігерлік көмек көрсетілді. Ал оқ тиіп жараланған төбеттің соншалықты неге құтырынғанын ветеринар мамандар анықтап жатыр.

Марат Тілеулин, Оңтүстік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары:

Біздің қызметкер Макаров тапаншасын қолданып, екі рет оқ атқан. Ит тірі. Ветеринарлық қызметке тапсырылды. Қазір иесін іздестіріп жатырмыз. Дәл осы төбетке таланған тағы бір ер адам бізге арыз түсірді.


Хабарламаларға жазылу