Қарағандыда табиғатты қорғау заңнамаларын бұзудың 701 дерегі анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда табиғатты қорғау заңнамаларын бұзудың 701 дерегі анықталды

18.08.2022

Қарағанды облысы аумағында шілде айынан бастап табиғатты қорғау бойынша өткізілген «Сұңқар» және «Киік» жедел алдын алу іс-шараларының қорытындысы бойынша брифинг өтті. Шілде айында табиғатты қорғау бөлімінің қызметкерлері 168 бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізді. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне қылмыстық әрекеттері бар 25 құқық бұзушылық тіркелді. Аң аулаушыларға 6 миллион 810 мың теңгеге айыппұл салынып, оның 2 миллион 888 мыңы өндіріліп алынды.

Хабарламаларға жазылу