Елімізде заңсыз дәрі айналымының 700 дерегі тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде заңсыз дәрі айналымының 700 дерегі тіркелді

17.08.2022

Соңғы екі жылда Қазақстанда заңсыз дәрі айналымының 700 дерегі тіркелген. Ал бұған дейін елдегі препараттардың 2-ден-10 процентке дейіні сапасыз өнім екендігі анықталған. Дәріге қатысты қылмысты болдырмау мақсатында енді цифрлық таңбалау енгізілмек. Бұл жұмыс әуелі өндірушілер мен импорттаушылардан басталады. Бұл туралы цифрлық экономиканы дамыту орталығының өкілдері мәлімдеді. Яғни, дәрі-дәрмектің цифрлық таңбалануы азаматтарды контрафактілік өнімдерден қорғап, нарықты заңсыз тауарлардан тазалауға мүмкіндік береді. Еске сала кетейік, дәрілік заттарды цифрлық таңбалаудың пилоттық жобасы 2019 жылдың қыркүйегінде іске қосылып, 2021 жылдың 31 шілдесінде аяқталды.

Хабарламаларға жазылу