Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрылғанына 30 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрылғанына 30 жыл толды

17.08.2022

Осыған байланысты Алматыда мерекелік кеш ұйымдастырылды. Жиынға жас сарбаздардан бастап ардагер шекарашылар мен мәртебелі қонақтар қатысты. Әскери-жауынгерлік қызметтегі табысы үшін бірқатар қызметші марапатталды. Шекара әскері осыдан 30 жыл бұрын 18 тамызда құрылған еді. Мәселен, Алматы облысы бойынша ел шебін қорғау ісінде жыл басынан 2 мыңға жуық заң бұзушылықтың жолы кесілген. Нәтижесінде 15 миллион қаражат мемлекет қазынасына қайтарылды. Сондай-ақ биыл бұл өңірде шекара режимін бұзған 16 адам ұсталды, дейді мамандар.

Марат Мәжитов, «Застава тарландары» ардагерлер қоғамының төрағасы:

- Теңізді біз ешқашан қорғаған жоқпыз. Біз теңіз күзетін құрастырдық. Бұрын құм жағынан, Өзбекстан, Бейнеу жағынан өмірімізде күзет жасамағанбыз. Оны жасақтадық. Қазір бейнежүйе бар, радиодатчиктер, сейсмодатчиктер бар. Солардың бәрін қолданып жатырмыз. Біздің үлкен жетістіктер деп ойлаймын.

Хабарламаларға жазылу