Қарағанды облысында мың адам МӘМС арқылы көзіне тегін операция жасатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында мың адам МӘМС арқылы көзіне тегін операция жасатты

17.08.2022

Микрохирургия бөлімінің дәрігерлері көру қабылеті нашарлаған азаматтардың көзіне хрусталь салып береді. Бұл ғылыми тұрғыда дәлелденген өте күрделі операция. Оны жасатқан соң біраз уақыт күтім керек. Еңкеюге, ауыр көтеруге болмайды. Өте нәзік 2 мм микрохирургиялық тігіс орындары тез бітуі үшін бұл маңызды. Көзіне операция жасатқан ең қарт қарағандылық 90 жаста. Қазір өзін жақсы сезінеді және көру қабілеті жақсарған. Бүгінде облыстағы 7 мекеме осындай қызмет көрсете алады. Барлығы 1 мыңнан астам пациенттердің әрқайсысына медициналық сақтандыру есебінен 280 мың теңгеден бөлінген.

Руслан Нұрланұлы, Бекзат Сәбитұлы

Хабарламаларға жазылу