Азық-түлік бағасын бақылау: ШҚО-да 8 мыңнан астам рейд өткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азық-түлік бағасын бақылау: ШҚО-да 8 мыңнан астам рейд өткізілді

17.08.2022

Шығыс Қазақстанда азық-түлік бағасын бақылау үшін жыл басынан бері 8 мыңнан астам рейд өткізілді. Бұл бағытта сауда-саттықтағы делдалдық әрекеттерді тексеру жөніндегі өңірлік комиссия жұмыс істеп келеді. Тек соңғы бір аптада әлеуметтік маңызы бар тауарлар белгіленген үстемеден бірнеше есе қымбатқа сатылып жатқаны туралы 113 арыз келіп түскен. Арнайы комиссия тексере келе, дүкен иелеріне баға саясатын реттеу бойынша ұсыныс берді. Жалпы аймақта қазір 1062 көтерме сатушымен ең төменгі 7% сауда үстемесін қолдану туралы меморандум жасалды. Бүгінде облыс бойынша 27 әлеуметтік дүкен және 230 әлеуметтік бұрыш жұмыс істейді.

Хабарламаларға жазылу