«Аманат» партиясы: Мобильді топтар 394 ауылға баруды көздейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аманат» партиясы: Мобильді топтар 394 ауылға баруды көздейді

16.08.2022

«Аманат» партиясы Үкіметпен бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы аясындағы ауқымды ақпараттық марафон жалғасуда. 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасының негізгі қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқан мобильді топтар ауыл тұрғындарына жеңілдіктер туралы айтты. Ауылдықтар жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын несие алып, кооператив құру және техниканы лизингке рәсімдеу кезінде көмек ала алады. Бүгінге дейін мобильді топтар 13 өңірдегі 289 ауылдық округін аралап үлгерді. Шара қыркүйектің 10-ына дейін өтеді.

Амандық Абуов, бизнес-тренер:

Негізгі мақсатымыз бұл халыққа Президент тапсырмасымен берілген Үкімет пен «Amanat» партиясының бірлесіп отырып шығарған «Ауыл аманаты» бағдарламасын түсіндірме жұмыстарын жүргізгенбіз. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты халыққа ең тиімді кәсіптің түрлерін ыңғайлы етіп жасау, 2,5 пайызбенен несие беру.


Хабарламаларға жазылу