Сириялық босқындар Германияға жіберуді талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сириялық босқындар Германияға жіберуді талап етті

02.11.2017

Грекия астанасы Афиныда бір топ сириялық босқын парламент үйінің алдында қарсылық акция ұйымдастырып, аштық жариялады. Демонстранттар жергілікті үкіметтен оларды Германия еліндегі туыстарына жіберуді талап етіп отыр. Босқындар баннерлер ұстап, ғимарат кіреберісін жауып тұрып алған. Мигранттардың айтуынша, Грекия елінде болғандарына 1 жылдан астам уақыт өтті. Алайда, Германияға баруға олардың жағдайы жоқ және әуелде мемлекет тарапынан отбасы мүшелерін қосуға көмек көрсетіледі деп айтылғанына қарамастан бұл уәде орындалмаған.

Айта кетейік, Ирак, Ауғанстан және Сирия елдерінен 60 мыңға жуық мигрант Балкандағы шекара жабылған соң Грекияда тұрып қалған. Олардың көбі Еуропаның батысына баруды көздейді. Биыл қыркүйек айында ғана өз елін тастап, Грекияда пана тапқандар саны 214-ке жетіп отыр.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу