Зеленский әлем елдерін Запорожье АЭС-ке қатысты шара қабылдауға үндеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зеленский әлем елдерін Запорожье АЭС-ке қатысты шара қабылдауға үндеді

16.08.2022

Әлемнің бір ядролық станцияны қорғауға күш-жігері жетпесе, бұл оның ұтылғанын білдіреді. Украина президенті осылай деп мәлімдеді. Владимир Зеленский әлем елдерін Ресейдің бақылауындағы Запорожье АЭС-індегі апатты болдырмау үшін шара қолдануға үндеді. Жақында әлемнің 42 мемлекеті Ресейді бұл нысаннан әскерін дереу әкетуге шақырды. Ал өткен аптада атом электр станциясы бірнеше мәрте шабуылға ұшырады. Бұл үшін Мәскеу мен Киев бірін-бірі айыптап отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропадағы ең ірі атом элект станциясында қалыптасқан жағдайды апатқа жетелейтін ахуал деп атады.

Хабарламаларға жазылу