Берешегі көп тұлғаларға несие алуға шектеу қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Берешегі көп тұлғаларға несие алуға шектеу қойылады

16.08.2022

Азаматтардың банктер мен микроқаржылық ұйым алдындағы берешегі 5 млн теңгеден аспаса, соттан тыс банкроттық жариялай алады. Парламент қарауында жатқан жаңа заң жобасы туралы мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді. Ал берешегі 5 миллион теңгеден асқан жағдайда сот арқылы банкроттық жариялауы тиіс. Тұрақты табысы болған жағдайда 5 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылады. Мамандардың айтуынша, заң жобасындағы жаңа өзгерістер халықаралық тәжірибеге сүйеніп жасалған.

Айнұр Сартаева, ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары:

Өзін банкрот ретінде жариялаған жеке тұлға 7 жыл бойы қайтадан осындай рәсімге жүгіне алмайды. Яғни өзін банкрот деп жариялай алмайды. Одан бөлек, ол бес жыл бойы несиелер ала алмайды, сонымен қатар осы жеке тұлғаға қатысты өкілетті орган тиісті қаржылық мониторинг жүргізіп отырады.

Хабарламаларға жазылу