Биыл елде дизель отынының өндірісі артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл елде дизель отынының өндірісі артты

15.08.2022

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда, биыл елде дизель отынының өндірісі артып, 2 млн 700 мың тоннадан асқан. Мамырға дейін мұнай өңдеу зауыттары нарықты дизельмен толық қамтамасыз еткен. Импорттың үлесі 3,6 есе қысқарған. Биыл Қазақстан дизель отынын Қырғызстан, Ресей және Беларусьтен сатып алды. Ал экспорт үлесі 24 мың тоннаға дейін азайды. Көрші елдермен салыстырғанда отын бағасы төмен болған соң сұраныс жоғары дейді мамандар. Тұрғындар бір айда 120 мың тонна дизель тұтынады. Энергетика министрлігі енді дизель мөлшері мен көлік түріне қарай баға бекітуді жоспарлап отыр. Мысалы жүк, арнайы мамандандырылған көліктің иесі тәулігіне 100 литрге дейін және 300 литрге дейін жазғы және маусымаралық дизель отынын сатып алуға мүмкіндік бар. Бағасы 230-260 теңгеден аспауы керек. Тұтыну шекті мөлшерден асқан жағдайда литрі 450 теңгеге сатылады. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу