Дизель отынының биржалық сауда-саттығы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дизель отынының биржалық сауда-саттығы басталды

25.11.2021

Елде дизель отынының биржалық сауда-саттығы басталды. Мұнай өнімдерін көтерме саудада сату туралы шешім Биржалық комитет отырысында қабылданған. «Еуразиялық сауда жүйесі» арқылы өткен сауда-саттықта 7735 тонна өнім 1,7 млрд теңгеге сатылған. Дизель отынының орташа бағасы тоннасына 224 мың теңгеден асады. Еуразиялық сауда жүйесінен бөлек оны «Каспий» тауар биржасы да ұйымдастырып жатыр. Мұндай сауда-саттық тауарды тікелей өндірушіден делдалсыз сатып алуға мүмкіндік береді. Монополияға қарсы талаптың сақталуын Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанынан құрылған арнайы орталық бақылайды.


Хабарламаларға жазылу