Борышкер қарызды қайтаруға қатысты коллектордың ұсынысына 2 апта ішінде жауап бере алады. Қарыз алған адам несие берушіге істі қайда және қашан бергенін, қарыз сомасын білуге құқылы.
Егер коллектордың талабымен келіспесе, қарсы шығып, өтініш бере алады. Коллекторлар палатасының өкілі мұндай мәліметті азаматтардың көбі білмейтінін айтады. Сондықтан қарыз беруші компаниядан жасырынудың орнына алған ақшаны бөліп төлеуге кеңес берді. Азамат коллекторлармен кездесу кезінде аудио мен бейне жазба жасауға құқылы. Биыл Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Жоғарғы Сот борышкерлердің құқығын қорғауды күшейту үшін меморандумға қол қойған. Тараптар алдағы 5 жылда әсіресе заң талабын бұзған ұйымдармен күресіп, борышкерлердің мүддесін қорғауға ниетті. Банктік қарыз бен микрокредиттер беру кезінде туындайтын дауды сотқа дейін, соттан тыс шешуге басымдық береді.
Ақерке Бектас