Таразда мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевқа арналған ескерткіш ашылды.
Еңселі ескерткіш аты аңызға айналған тұлғаның туғанына 110 жыл толуына орай бой көтерді. Биіктігі тұғырымен қосқанда 8 метрге жуық. Бұл еліміз бойынша ашылған 5-ші ескерткіш. Салтанатты шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров пен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Қайраткердің өмірінің соңғы жылдарында қасында болған генарл-лейтенат Амангелді Шабдарбаев, ұлы тұлғалардың еңбегін насихаттап, ұлт қайраткерлерінің есімін ұлықтау басты парызымыз деді.
Амангелді Шабдарбаев, генерал-лейтенант:
Иә, бұл тарихи күн. Ол кісінің бойы биік болса, мына ескерткіш те сондай биік болып тұр. Бүгінгі күнге Қазақстанда осындай биік, сұлу ескерткіш осы ескерткіш деп ойлаймын.