Ақмола облысында жарылыстан бір адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында жарылыстан бір адам көз жұмды

15.08.2022

Ақмола облысында жарылыс болып, 41 жастағы ер адам көз жұмды. Тағы екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Олар – мерт болған азаматтың 45 жасар ағасы мен оның 2018 жылы туған ұлы.

Оқыс оқиға Целиноград ауданының Тайтөбе ауылындағы жеке тұрғын үйдің ауласында болған. Көмір түсіріп жатқанда белгісіз зат жарылған.

Қазіргі уақытта тергеу-тексеру шаралары жүріп жатыр.


Хабарламаларға жазылу