Сібірде өртпен күреске қосымша ұшақтар жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сібірде өртпен күреске қосымша ұшақтар жіберілді

09.08.2022

Сібірде қаулап бара жатқан орман өртін сөндіруге қосымша ұшақтар жіберіліп жатыр. Олар жанып жатқан жасыл желектердің үстіне 580 тоннаға жуық су төккен.

Жалпы алғанда, Ханты-Мансийск автономиялық округінде 55 от ошағы анықталып, 41 мың гектарға жуық аумақты шарпыды. Ал, Томск облысында орман өрттері биыл үш есеге көбейіп, одан экономикаға 112 миллион рубль шығын келген.

Тағы бір айта кететін жайт, өрттердің жиілеуіне байланысты аймақтың ауасында ластаушы заттардың мөлшері артып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу