Эпидахуал: Елімізде коронавирус жұқтырғандар азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эпидахуал: Елімізде коронавирус жұқтырғандар азайды

08.08.2022

Коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді. Кеше Қазақстанда 1373 адамнан ковид анықталды. Ең көбі Нұр-сұлтан мен Алматы қалаларында. Өткен аптада вирус жұқтырғандардың саны 2 мыңнан түспеген еді. Сондай-ақ бір тәулікте 2 мыңнан аса адам аурудан емделіп шыққан. Қазіргі таңда аймақтардағы эпид жағдай бойынша барлық өңір жасыл аймақта. Тек елорда ғана «сары» деңгейде.

Хабарламаларға жазылу