Шымкентте 11 жастағы қыз абайсызда Бадам өзені үстіндегі құбырдан құлап, суға батып кетті. Қайғылы жағдай кеше күндіз Қарабастау тұрғын алабында болған. Жүзе білмейтін жеткіншек өздігінен судан шыға алмаған. Оқиға орнына қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің 10 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды. Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері бірнеше сағат бойы су астында іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде қыздың мәйітін тауып, судан шығарып алған. Туыстарына тапсырған.
Айнұр Ақбаева