Олимпиада кестесінде Қазақстан құрамасы үшінші орынға көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада кестесінде Қазақстан құрамасы үшінші орынға көтерілді

08.08.2022

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Дүниежүзілік Олимпиаданың 9-шы кезеңінде Болгария құрамасын 3:1 есебімен жеңді . Бұған дейін әйелдер командалары турнир кестесінде 6-орында тұрса, енді бірден 3-орынға көтерілді. Бұл матчта Жансая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нақбаева жеңіске жетті. Ал Бибісара Асаубаева мен Ксения Балабаева ойынды тең есеппен аяқтады. Осылайша құрама еншісінде – 7 жеңіс, 1 тең ойын және 1 жеңіліс бар. Келесі ойын Үндістан құрамасымен өтеді.

Хабарламаларға жазылу