Үкіметте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын ұстап тұру шаралары талқыланды. Жиында соңғы айда бағаның 0,8%-ға өскені айтылды. Мәселен, пияз, қант және күріш бағасы қымбаттаған. Ал, қырыққабат, сәбіз және картоп бағасы қайта арзандаған.
Қазір, монополияға қарсы шаралары қолға алынуы тиіс. Сауда орындарымен жыл басынан бері келісім жасалған. Онда сауда үстемесін 15-тен 10%-ға дейін төмендету қарастырылған. Бүнігі күндері сауда-саттық саласындағы құқық бұзушылықтардың барлық фактілері бойынша тергеу жүргізілуде
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Ауыл шаруашылығы министрлігі қант саласын дамытудың кешенді жоспарын қабылдады. Енді оны іске асыру бойынша тиісті өңірлермен бірлесе белсенді іс-қимыл жасау үшін шаралар қабылдау қажет. Сондай-ақ қантты бажсыз әкелуге квоталар бөлінген кезде, олар бұл жұмысты уақтылы орындай алмайтын көптеген ұсақ жеткізушілерге таратылған. Осыған байланысты біз қант жеткізуде белгілі бір проблемалардың бар екенін байқадық.