Елордада жыл басынан бері тамақтан жаппай уланудың 4 дерегі тіркелді. Дәмханалардан ас ішкен 190 адам ауруханаға түскен. Оның отызы бала. Адамдар ең көп зардап шеккен «Окадзаки» мейрамханасы болып отыр. Ол жерден маусым айында тамақққа тапсырыс берген 101 адам ауруханаға жеткізілген еді. Мейрамханаға кезектен тыс тексеру жұмыстарын жүргізген эпидемиолог мамандар тазалық талаптарын сақтамаудың бірнеше дерегін анықтады. Қазір дәмхана жабылып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Асыл Сералы, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:
Қылмыстық құрамның бар жоғын анықтау мақсатында құқық қорғау орындарына барлық құжаттар жолданды. Нысанның жұмыс істеу істемеуін сот орындары шешеді.
Сәбит Әлдебай