Қытайдың Тайвань бұғазын қоршай өткізіп жатқан әскери жаттығуы көрші елдерді алаңдата бастады. Қазірдің өзінде Жапония наразылық нотасын жіберіп үлгерді. Себебін АҚШ-тағы тілшіміз Жалғас Сәдібекұлынан білсек. Жалғас сіз текелей эфирдесіз.
Қытайдың Тайвань бұғазын қоршай өткізіп жатқан әскери жаттығуы көрші елдерді алаңдата бастады. Қазірдің өзінде Жапония наразылық нотасын жіберіп үлгерді. Себебін АҚШ-тағы тілшіміз Жалғас Сәдібекұлынан сұрап білсек. Жалғас сіз текелей эфирдесіз.
Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
Ия, рахмет. Жапонияның әскери жаттығуды сынға алуының баты себебі, Қытай ұшырған баллистикалық зымырандардың бесеуі Жапонияның ерекше экономикалық аймағына түскен. Яғни, елдің аумақтық теңіздерінен 200 миль шамасында құлаған. Жапония қорғаныс министрі мұндай өрескел әрекет Қытай тарапынан бірінші рет болып тұр дейді.
Нобуо Киши, Жапония қорғаныс министрі:
Қытай бүгін тоғыз баллистикалық зымыран ұшырды. Бесеуі Жапонияның ерекше экономикалық аймағына түскен." "Бұл әрекетті қатаң айыптаймыз, өйткені біздің халқымыздың қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіреді.
Зымырандардың Жапонияға жақын жерге түсуі де бекер емес секілді. Себебі, дәл осы күні АҚШ конгресінің спикері сакура еліне ресми сапармен келген. Оның үстіне кеше үлкен жетіліктің сыртқы істер министрлері оның ішінде Жапония да бар, арнайы мәлімдеме жасап, Бейжіңді жағдайды ушықтырмауға шақырған. Бірақ, бұл Қытай сыртқы істер министріне ұнамаса керек, Жапониялық әріптесімен жоспарлаған кездесуін кейінге қалдырды.
Хуа Чуньин, Қытай сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы:
Бүгінгі әлем енді империалистік державалар Қытай жерінде өз құдіретін көрсетіп, қалағанын жасай алатын әлем емес. Қытайдың егемендігі мен аумақтық тұтастығын өрескел бұзатын арандатушылықтарға қарсы шаралар батыл әрі жойқын болады.
Кеше басталған жаттығулар төрт күнге жоспарланған. Қытай әскері Тайванды шеңберге ала алты жерде әскери қимылдарға кіріскен. Қазірдің өзінде бұғаз маңындағы суларға бірнеше зымыран атылғанын растады. 100-ден астам жойғыш және бомбалаушы ұшақтар мен 10-нан астам әскери кеме тартылған.
Джон Кирби, Ұлттық қауіпсіздік өкілі:
Қытай Тайваньға қарай шамамен 11 баллистикалық зымыран ұшырды, Біз бұл жауапсыз және бейбітшілікті сақтау мақсатына қайшы келетін әрекеттерді айыптаймыз. Қытай Конгресс спикерінің сапарын сылтау етіп, бұғаз айналасында белсенді әскери арандатушылыққа көшті.
АҚШ бір тұтас Қытай қағидасын қолдаймыз дегенімен, Тайванды да уысынан шығарғысы жоқ. Себебі, бұл кішігірім арал әлемдік нарыққа қажет үлкендігі он нанометрден аспайтын микрочиптардың тоқсан пайызын өнідіріп отыр. Онсыз Аппл айфонын, германия көліктерін шығара алмайды. Сондықтан да батыс елдері үшін Тайванның Қытайдың толық бақылауына өтуі тиімді емес.
Жалғас Сәдібекұлы