Ресей мен Қытайдың теңіз күштері бірлескен әскери жаттығу бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей мен Қытайдың теңіз күштері бірлескен әскери жаттығу бастады

15.10.2021

Ресей мен Қытай теңіз күштері бірлесіп, Жапон теңізінде әскери жаттығу бастады. Бұл маневрлар қазанның 17-не дейін жалғасып, оған суасты қайықтарына қарсы кемелер мен ракеталық катерлар қатысады. Сонымен қатар, соғыс ойындарына 12 әскери ұшақ пен тікұшақтар және 10 мыңдай жауынгер тартылмақ. Екі жақ алғаш рет бұндай жаттығуларды 2005 жылы бірлесіп өткізе бастады. Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудың мәлімдеуінше, Мәскеу мен Бейжің арасындағы әскери ынтымақтастық әрі қарай да дами бермек.


Хабарламаларға жазылу