Ресейде өткен тәулікте 14 638 адамнан коронавирус анықталды. Мұны «ТАСС» агенттігі хабарлап отыр. Оның дерегінше, ковид жұқтырғандар саны сәуірдің 6-нан бері осылайша ең жоғары көрсеткішке жеткен.
Сонымен қатар, елдің 34 аймағында бұл вируспен ауруханаға түскендердің көбейгені байқалады. Ал 45 аймақта госпитальге жеткізілген пациентттер керісінше азайған.
Ресейдің коронавируспен күрес орталығының мәлімдеуінше, Федерация аумағында ковидтан қайтыс болғандар саны кейінгі бір күнде 43 адамға көбейген.
Арыстан Рысбек