Вирус Қырғыз еліне де жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вирус Қырғыз еліне де жетті

18.03.2020

Коронавирус Қырғызстанға да жетті. Медицина қызметкерлері қауіпті індетті бірден 3 адамнан анықтады. Олардың үшеуі де Сауд Арабиясынын ұшып келген. Осылайша, біздің айналамыздағы елдердің ішінде Тәжікстан ғана вирустан аман. Дәл қазір Қытайда 81 102, Қырғызстанда 3, Өзбекстанда 13, Ауғанстанда 22 адам вирус жұқтырған. Ал, Иранда 16 169, Арменияда 84, Әзербайжанда 28, Грузияда 38 жағдай тіркелді. Украинада 14, Белорусияда 51, Ресейде 114, Моңғолияда 6 коронавирус індетін жұқтырған.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу