Елордалықтарға азық-түлікті арзан бағада алу үшін карта беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалықтарға азық-түлікті арзан бағада алу үшін карта беріледі

04.08.2022

Елордалық көмекке мұқтаж жандар азық-түлікті арзан бағада сатып ала алады. Ол үшін арнайы карта жүйесі енгізілді. Қазір Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы қанатқақты жобаны ірі сауда орындарымен бірге пысықтап жатыр. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарының тізімі жасалуда. Бүгінде бұл тізімге 160 мыңға тарта адам енген, өзге жеткілікті тұрғындар өнімді нарық бағасымен сатып алады. Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы бұл жобаны бастауға азық-түлік бағасының қымбаттауы себеп болды дейді. Әсіресе көкөніс өнімдерінің бағасы шарықтап кеткен. Мәселен пияз, қант, сәбіз, картоп, қарақұмық пен макарон бағасы айтарлықтай өскен.

Сәбит Әлдебай


Хабарламаларға жазылу