Дизель отыны шаруаларға арзан бағада сатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дизель отыны шаруаларға арзан бағада сатылады

25.07.2023

Күзгі егін жинау кезінде шаруаларға дизель отыны арзан бағада сатылады. Энергетика министрлігінің мәліметінше, егін маусымы басталғанда сұйық отынды фермерлер 15 пайызға төмен бағада ала алады. Яғни қазір 1 литрі 295 теңге тұратын дизель 257 теңгеден беріледі. Жеңілдік науқаны шілде айынан қарашаға дейін жүреді. Ол үшін Үкімет 426 мың тонна болатын дизель отынын бөліп отыр.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу