«Опек+» елдері мұнай өндірісін арттыруға келісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Опек+» елдері мұнай өндірісін арттыруға келісті

04.08.2022

«ОПЕК+» елдері мұнай өндірісін қыркүйектен бастап тәулігіне 100 мың баррельге арттыруға уағдаласты. Мұны «Reuters» агенттігі хабарлады. Ал кейбір сарапшылардың пікірінше, энергетикалық картельдің шикізатты көбірек өндірурге келісуі президент Джо Байденнің өткен айда Сауд Арабиясына баруымен байланысты болуы мүмкін.

Ақ үй ОПЕК-те лидер саналатын Саудияны АҚШ пен әлем экономикасына көмектесу үшін өндірісті күшейтуге шақырып келеді. Сондағы мақсат – инфляцияны әлсіретіп, жер-жаһанда шарықтап бара жатқан бағаларды төмендету.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу