Алматы облысында жайылым жер мен маман тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жайылым жер мен маман тапшы

03.08.2022

Алматы облысында жайылым жер тапшы. Мал ұстау қиындап барады. Әлеуметтік нысандарда материалдық-техникалық база да шамалы. Емханаларда маман жетіспейді. Мұндай мәселелер сенатор Жанболат Жөргенбаевтың аймаққа сапары барысында көтерілді. Жиынға қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары мен ауыл әкімдері қатысып, өз сауалдарын жолдады. Депутат осындай түйткілді тұстарды күзде сенат сессияларында қарауға уәде етті. Оның сөзінше "Дипломмен ауылға" бағдарламасын жетілдіріп, дұрыс жүйеге қою қажет. Сонымен қатар жас мамандарға квота беру қажеттілігін атап өтті. Айта кетейік депутат осы аптада жұмыс сапарымен Қарасай, Жамбыл, Кеген, Ұйғыр аудандарына да бармақ.

Жанболат Жөргенбаев, ҚР парламенті сенатының депутаты:

Осы іссапарымды Жетісу облысынан бастап, Сарқант, Көксу, Ақсу аудандарында болып, бүгін Қонаев қаласында жалғасын тауып жатыр. Алматы облысының да бірнеше аудандарына барып, осындай аудан қала мәслихатының депутаттарымен қоғамдық кеңес мүшелерімен мемлекеттік емес ұйымдардың мүшелерімен ақсақалдар алқасы , елағалармен кездесіп бүгінгі таңдағы парламент депутаттарының үлес қосып, атқарушы биліктегі азаматтармен бірлесе отырып шешетін мәселелерді тыңдап келе жатырмыз.

Фариза Мұсақызы


Хабарламаларға жазылу