Елдегі диқандар шығынға батуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі диқандар шығынға батуы мүмкін

02.08.2022

Биыл жазда қант қат болғанымен, ұн жетіп артылатын сияқты. Қазақстанның астық өндірушілер одағы биыл дәнді дақылдар жеткілікті көлемде жиналатынын болжап отыр. Алайда, Ресейден импортталатын өнім көлемінің артуынан диқандар шығынға батуы мүмкін дейді. Өткен айда Ресей өз өнімдерін Қазақстанға экспорттай бастады. Астық өндірушілер одағының төрағасы нарыққа әсер ететін үш факторды атады. Ол - теңге мен рубль бағамы және көрші елдегі импорт саясатына байланысты болмақ. Сондай-ақ, биыл Ресейде астық өнімдерінің көлемі рекордтық деңгейге жетеді деген болжам бар. Қауымдастық өкілдері шаруалар шығынға батпас үшін алдын алу шараларын бастау қажет дейді.

Қазыбек Омаров, «Қазақстан астық одағы» ЗТБ ресми өкілі:

Бізде экспортқа шектеу бар, ол 31 қыркүйекке деп жарияланған. Біздің ұсынысымыз оны 1 қыркүйектен бастап алып тастау керек. Ал екінші ұсынысымыз 1 қыркүйектен бастап автокөліпен шетелден келетін дәнді-дақылға тыйым салу керек. Себебі автокөлікепен келетін дәнді дақылдардың есебі жоқ.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу