Майнерлерге салынатын салық өседі. Келер жылдың 1-қаңтарынан цифрлық майнинг үшін төламақы мөлшерлемесінің прогрессивті шегі қолданылады. Яғни, тариф тұтынылатын электр энергиясының құнына байланысты болады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Салық кодексіне осындай түзету енгізілген. Төлемақының мөлшері қуаттың 1 киловатт-сағат құнына байланысты есептеледі. Арзан бағада энергияны қолданса-- төлемақының ставкасы жоғары болады, яғни 25 теңге. Ал керісінше, қолданған электр қуаты қымбат бағада, 24 теңгеден жоғары болса, төлемақы ставкасы тиісінше төмен болады - 1 тенге.
Айнұр Сартаева, Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі:
Ал егер меншікті электрстанциясын пайдаланылған кезде 1 кв/сағат үшін 10 теңге қолданылатын ставкалар енгізілген. Содан бөлек егер электрэнергиясын бақылау аспаптары болмаса онда 1кв энергиясы үшін 25 т мөлшеріндегі ставка бекітілді.
Асима Нұрбайқызы