Таразда сотталушы түрменің 3 қызметкерін жаралады.
Оқиға 158/7 түзеу мекемесінде болған. Мұны Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады. Тексеріс кезінде сотталушы қырынуға арналған ұстараның алмасымен күзетшілердің бірінің кеудесін тіліп жіберген. Жарақат алған әділет лейтенанты Мекембай жасақ командирі болған. Оны әрекетін тоқтатпақ болған тағы екі қызметкер де жарақат алды.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілген. Қазір үшеуінің де жағдайы бірқалыпты. Ал шабуыл жасаған жазасын өтеуші қатаң бақылау мен тәртіп изоляторына оқшауландырылған.
Оқиғаға қатысты қызметтік тергеу басталды