Таразда сотталушы түрменің 3 қызметкерін жаралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда сотталушы түрменің 3 қызметкерін жаралады

02.08.2022

Таразда сотталушы түрменің 3 қызметкерін жаралады. Оқиға №158/7 түзеу мекемесінде болған. Бұл туралы толық мәліметті тікелей байланысқа қосылған өңірдегі тілшімізден білейік. Нұрдос?

Нұрдос Болатұлы, тілші: 

Қайырлы таң, әріптес! Иә бұл оқиғаны Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады. Сотталушының шабуылы таңғы сағат 8:30 шамасында тексеріс кезінде орын алған. Ол қырынуға арналған ұстараның алмасымен күзетшілердің бірінің кеудесін тіліп жіберген. Жарақат алған әділет лейтенанты Мекембай жасақ командирі болған. Сотталушының әрекетін тоқтатпақ болған тағы екі қызметкер де жарақат алыпты.Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілген. Қазір 3 қызметкердің де жағдайы бірқалыпты. Ал, шабуыл жасаған жазасын өтеуші қатаң бақылау мен тәртіп изоляторына оқшауландырылған. Оқиғаға қатысты қызметтік тергеу басталды.


Хабарламаларға жазылу