Тексеру басталды: Өскеменде әскери қызметкерге жәбір көрсеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тексеру басталды: Өскеменде әскери қызметкерге жәбір көрсеткен

02.08.2022

Өскемендегі 5518 әскери бөлімде тексеру басталды. Оған келісімшарт негізінде қызмет етіп жатқан ұлыма командир жәбір көрсетті деген ананың әлеуметтік желідегі аудио жазбасы себеп болды. Ол баласын қорғау жөнінде қоғам белсенділерінен көмек сұрап, шағымданған. Жазбада бөлім командирінің сарбазға үнемі моралдық қысым көрсетіп, қорқытатыны туралы айтылған.

Аталған жайтты Ұлттық Ұланның «Шығыс» әскери қолбасшылығы бірден қаперге алған.

Қазір әскери полиция тексеруді бастады. Ал жазбада аты аталған әскери бөлімнің командирі қызметінен уақытша шеттетілді.


Хабарламаларға жазылу