Жас сарбаздар ант қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас сарбаздар ант қабылдады

29.11.2014
Жас сарбаздар ант қабылдады

ҚР Мемлекеттік күзет қызметі жас сарбаздармен толықты. Бүгін олар Отан алдындағы  әскери борышын өтеуге ант берді. 295 әскери қызметкерге жүктелетін негізгі міндет - жекелеген тұлғалар қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мемлекеттік рәміздер мен стратегиялық нысандарды күзету. Сондықтан сарбаздарды іріктеудегі талап күшті. Алдымен білімі, психологиялық  қабілеті мен дене бітімі ескеріледі.

Күзгі шақырылымның сарбаздары бір ай ішінде үйренген қарумен орындалатын саптық тәсілдерді көрсетіп, патриоттық әндерді шырқады. Алдыңғы буынның әскери ұрыс-қимылдары мен құрмет қарауыл ротасының сап түзеген шеруін тамашалады.

Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу