«Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының өкілеттігі кеңейтілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының өкілеттігі кеңейтілуі мүмкін

01.08.2022

«Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының өкілеттігі кеңейтілуі мүмкін. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Тиісті құжаттың жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер интернет-порталына жарияланды. Жобаны талқылау мерзімі – 12 тамызға дейін жалғасады. Құжатқа сай уәкілетті операторлардың кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға қойылатын талапты өзгерпек. Яғни кедендік төлемдерін, салықтарын, баждары мен өсімпұлдарын бюджетке өндіру үшін кепілге қойған мүлікті өткізу мүмкіндігі беріледі.

Айнұр Сартаева, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі:

Заңға сәйкес, кепілдегі мүлік, кедендік баждарды, салықтарды төлету тәсілдерінің бірі болып табылады. Кепіл затынан өндіріп алу Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне сәйкес жүргізіледі. Жалпы, кепілге сатып алынған мүлікті соттан тыс мәжбүрлі түрде өндіріп алу кезінде сауда-саттықты кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме бұзылған жағдайда кепілге салынған мүлікті сенімхаты бар адам өткізеді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу