Алматыда интернет-алаяқтықпен айналысқандар құрықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда интернет-алаяқтықпен айналысқандар құрықталды

01.08.2022

Алматы қаласында сайт арқылы қант сатамын деп 15 адамды алдап, алдын ала төлем жасатқан алаяқ ұсталды. Ішкі істер органдары интернет-алаяқтардан зардап шегушілердің азаймай тұрғанын айтады. Жыл басынан бері 11500-ге тарта кибер-қылмыс тіркелген. Олар құқық қорғау органдарының қызметкері немесе банк менеджері болып қоңырау шалып, аңғал тұрғындарды тақырға отырғызады. Жыл басынан бері осындай 8 ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталған. Оның төртеуі - Нұрсұлтан мен Алматыда, қалғаны - Павлодар, Қарағанды, Шымкент қалаларында ұсталды.

Жандос Сүйінбай6 ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы:

Банк қызметкерлерінің немесе құқық қорғау органдарының телефон арқылы жасалатын несие толтыру туралы, мүлікті сату мен қаражатты қауіпсіз шотқа аудару немесе қарыз толтыру нұсқауларына еш уақытта құлақ аспаған жөн. Құқық қорғау органдары телефон арқылы арнайы операция жасамайды.


Хабарламаларға жазылу