Жамбылда жасөспірімдер арасында кіші футболдан турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылда жасөспірімдер арасында кіші футболдан турнир өтті

01.08.2022

Жамбылда «Жаңа Қазақстандағы жаңа ауыл» бағдарламасы аясында, жасөспірімдер арасында кіші футболдан турнир өтті. Спорттық бәсекеге Жуалы ауданындағы «Берікқара» демалыс лагеріндегі мектеп оқушылары қатысты. Турнирге 10-нан аса команда қатысып, «Ауыл» партиясының арнайы кубогін сарапқа салды. Іс-шараның мақсаты – ауыл жастарын спортқа баулып, сол өңірден шыққан меценаттарды қоғамдық шараларды қолдауға шақыру. Айта кетсек, «Жаңа Қазақстандағы жаңа ауыл» - Ауыл партиясының қолға алған жобасы. Онда депутаттар мен партия өкілдерінен құралған топ әлеуеті төмен елді-мекендердің жағдайымен танысып, ауыл тұрғындарының мәселесін назарға алмақ. Олар еліміздің 17 өңірін араламақ.

Төлеутай Рахымбеков, «Ауыл» ХДПП төрағасының бірінші орынбасары:

«Ауыл» партиясы осы мамыр айынан бастап, жаңа акция ұйымдастырған болатын. «Жаңа Қазақстанға жаңа ауыл» акциясы қазір өтіп жатыр. Оның басты мақсаты өңірлерді аралап, оның ішінде ауылдық елді мекендердің жағдайымен танысу. Оқушылар арасында кіші футболдан турнир өткізіп жатыр. Ұйымдастырушы облыстық партия филиалы.

Нұрдос Болатұлы

Хабарламаларға жазылу