Жетісу облысының Панфилов ауданында жан түршігерлік қылмыстық оқиға болды. Шолақай ауылының 38 жасар тұрғыны 15 жастағы қызды зорлап, өлтіріп, соңынан өртеп көміп кеткен. 21 шілде күні кешкісін құрбысына кеткен мектеп оқушысының үйге қайтпағанына жақындары дабыл қағып, тәртіп сақшылары мен жергілікті тұрғындар бір апта бойы іздеген. Жедел әрекет ету нәтижесінде күдікті анықталып, өз кінәсін мойындады. Анықталғандай күдікті бұл жағдайға дейін де қыз зорлау дерегімен екі рет істі болған. Біріншісінде жазасын өтеп шықса, екінші жағдайда зорлаған қызға үйленіп, жазадан құтылып кеткен дейді куәгерлер. Қайғыдан қан жұтқан әулеттің күдіктіге және отбасына күш қолдануға жол бермеу мақсатында ауданда күштік құрылымдар тартылды.
Жетісулық 38 жасар тұрғын 15 жастағы қызды зорлықпен өлтірген
Думан Алтынбекұлы, Жетісу облысы әкімінің баспасөз хатшысы:
Бұрын сотталған 38 жастағы азамат қамауға алынды. Оның үстінен кәмелет жасқа толмаған қыз баланы зорлау және өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция тарапынан тергеу амалдары жүріп жатыр. Кінәсін мойындаған күдіктіге заң аясында қатаң жаза қолданылатын болады.
Қуаныш Қанатұлы