Атырауда «КРІ» компаниясының қызметкерлері су жаңа пәтерге ие болды. Кілттерді ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев және KPI компаниясының басшысы Данияр Тиесов табыстады. Баспана еліміздегі алғашқы полипропилен жобасын іске асыруда өзін көрсете білген өндіріс мамандарын қолдау мақсатында берілді. Мұнайлы өңірдің ең көрікті ауданында салынған көпқабатты тұрғын-үйде барлық жағдай жасалған.
Жаңа пәтерге ие болғандардың бірі Тұрар Басер. Ол компанияда 1,5 жылдан бері энергетика бөлімінде жетекші инженер болып қызмет атқарады. Бұл қоныс тойды жас маман жанұясымен асыға күткен. Енді міне 3 бөлмелі баспанаға қол жеткізді.
Тұрар Басер, баспана иесі:
Өте қуаныштымыз. Пәтерлерді көріп оытрсақ, жөндеу жұмыстары толық жүргізілген. Бұл бізге өте ыңғайлы. «КРІ» және «КазМұнайГаз» компанияларының басшыларына осылай жас отбасыларға қолдау көрстеткені үшін өте үлкен рахметімізді айтамыз.
«Француз ауданы»тұрғын-үй кешені қаланың жайлы әрі экологиялық қолайлы бөлігінде, Жайық өзенінің жағасында орналасқан. Пәтерлер жаңа иелеріне таза әрленген күйінде тапсырылды. Абаттандырылған аулада балаларға арналған спорттық, ойын-сауық алаңдары да орнатылған. Тұрғын-үй бағдарламасын Самұрық-Қазына қоры, ҚазМұнайГаз және KPI компаниялары бірлесе қолға алған.
Елдос Орынбаев «КРІ» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары:
«КазМұнайГаз» бен «КРІ» компаниялары қызметкерлерді жұмысқа тарту және қолдау мақсатында пәтерлер сатып алған еді. Бүгін сол пәтерлердің кілтін табыстап жатырмыз. Өз әріптестерімді шын жүректен құттықтаймын.
«КРІ» компаниясы Қазақстандағы алғашқы біріккен газ-химия кешенінің операторы болып табылады. Зауыттың қуаттылығы жылына 500 000 тонна полипропилен шығаруға қауқарлы. Компания алдағы уақыттада осындай игі бастамаларды жалғастыра бермек.
Ақан Иғлам