Атырауда «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 195 отбасыға пәтер берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 195 отбасыға пәтер берілді

28.04.2015
Атырауда «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 195 отбасыға пәтер берілді

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша Атырау  қаласындағы Нұрсая ықшамауданында бой көтерген бес тұрғын үйде 195 отбасы қоныс тойын тойлады. 

Пәтер кілтіне ие болғандардың қатарында мемлекеттік және бюджеттік мекеме қызметкерлері, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар, жас отбасылар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар бар.

Сондай-ақ, жаңа пәтер кілті үйлері апатты деп танылған екі отбасыға да берілді.

Жалпы, Атырау облысында мемлекеттік бағдарлама бойынша мыңдаған тұрғын баспаналы болды.

Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасады.    

 

 

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу